Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілерінің "Отаным, Туған жерім- Қазақстан" атты тәжірибе алмасу семинары » КГКП "Ясли сад №171" мемлекеттік балабақшасы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№171 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727)3863624
Әдіскер:
+7(727) 3805163
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілерінің "Отаным, Туған жерім- Қазақстан" атты тәжірибе алмасу семинары
14
желтоқсан
2018

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілерінің "Отаным, Туған жерім- Қазақстан" атты тәжірибе алмасу семинары

Мақсаты: Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін ашық оқу қызметінде балалардың Отаны, Рәміздері туралы түсініктерін молайту. Тәуелсіздік алған уақыттан бастап еліміздің жеткен жетістіктерімен   таныстыру, Отанына деген сүйспеншіліктерді арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.  

Алғы сөз: балабақша меңгерушісі Абдукаримова З.А.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме! Құрметті қонақтар, әріптестер!16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын! Бүгінгі ертеңгілікті тобымыздың Алмат пен Зере аты бүлдіршіндеріме жүргізуге ерік беріп отырмын. Олай болса балаларды қарсы алайық.
          Балалар   кіреді. Одан кейін екі жүргізуші келеді. 
Зере: - Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және балалар! 
              Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні құтты болсын!
                                     Гимн орындалады.
Зере: - Алмат сен білесің бе?Біздің Отанымыздың тәуелсіздік 
             алғанына биыл   27 жыл толды.
Алмат:  -Әрине Зере,балалар, «Тәуелсіз мемлекет» дегенді қалай түсінеміз?
Балалар: - Тәуелсіз мемлекет дегеніміз - өз гимн, 
                    елтаңбасы және байрағы бар, Ата заңы күшіне 
                    енген егеменді мемлекет.
Алмат: - Түсінікті, 
                                       Рәміздерім –елдігімнің белгісі,
                                       Білу керек бала дағы ең кіші,
         Рәміздерім-Әнұран, Көк Ту, Елтаңба,
  Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Зере: - Алмат тақпағын керемет,тағы кім рәміздер туралы тақпақ біледі.
          Ақ ниеті- алтын күн
Асқақ арман- қыраны.
Жалауы бұл- халқымның,
           Мәртебесі, мақтаны 
           
            
          Елтаңбасы елімнің,
Нетке әйбат, әдемі,
Тұнығындай көңілдің,
Ортада – аспан әлемі.

          Құт, береке –шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген

     Көк аспандай көкпеңбек, 
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен –тек
Елдің ашық қабағы.

           Тәуелсіздік жолында, 
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда 
Еркіндігім- Елтаңбам
Зере: - Өте тамаша балалар! Жарайсыңдар! 
Алмат: -Зере, енді әсем ән тыңдайық! Али Мансұрдың орындауында           «Қазақстаным бақытым» әні  (Рәміздер слайд.)
Зере : - Осы уақытқа дейін біздің еліміз  талай жетістіктерге жетті, 
             атап өтетін болсақ:
             Еліміздің ең алғаш президенті болып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев        
   сайланды
Алмат:  - Ал,1995 жылы 30 тамызда еліміздің Ата заңы қабылданды. 
                 (слайд, тақпақ)
    «Балалар тақпағы»
Өркендеп өз қолына алған ісі
Биікке қазағымның самға құсы
Халық боп қадір тұтып, қастерлеп
Ата Заң-Азат елдің Арнамысы  

Қазақстан-Егеменді байрақты ел
Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел
Ата заңым-елдігімнің еңсесі
Заңы барда қазақ елі айбатты ел
Ата заңым-бабалардың лебізі
Ата заңым-барлық заңның негізі
Арқа сүйер Ата заңда адамды
Артық санау, кемсітудің жоқ ізі

Зере: -менің де Ата заңымызға арналған тақпағым  бар;
              Еліне арналатын тілегі шын,
             Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
             Іргесін туған елдің тіреп тұрған
             Қадірін Ата Заңның білемісің?!
             Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
            Дауласып жармаспайды белдігіме.
            Бойында Ата Заңның өріліп тұр
             Даламның кеңдігі де, теңдігі де! 
Зере: - Алмат, сен Алматы қаласындағы Республика алаңындағы 
            Алтын Адамның бейнесін көрдің бе?  
            Ол 1996 жылы  Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуы 
            құрметіне тұрғызылған Тәуелсіздік монументі, және сол жылы 
            16 желтоқсанда ашылған.
Алмат: -Ия Зере мен Алтын адамның бейнесін көрдім, бірақ Алтын адам             
    туралы білетініміз аз.Зере:Ондай болса ,Тәуелсіздік символы Алтын адамды қарсы алайық.
                             (Алтын адам кіреді)
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! 
-Балалар, сендер мен туралы қандай мәлімет білесіңдер?
-Балалардың сөзі. -Алтын адам біздің тарихи және мәдени құндылығымыз, тәуелсіздігіміздің символы.
-    Алтын адамның бейнесі Алматы облысы, Есік қаласында табылған-    Алтын адам біздің ежелден ержүрек, батыр халық екеніміздің дәлелі.-Дұрыс айтасыңдар. Мен туралы біраз мәлімет біледі екенсіңдер. Жарайсыңдар! Мен сияқты Батыр болғыларың келеді ме? Батыр болу үшін қандай болу керек? 
- Балалардың жауабы. 
- Дұрыс айтасыңдар. Батыр болу үшін – епті, өжет, жігерлі, шымыр, батыл болу керек. Бүгінгі мерекемізге көкпаршылар келіп тұр екен.
                                     «Көкпар» ойыны
Алтын адам: Көкпар ойыны – ежелден келе жатқан ұлттық ойындардың бірі. Көкпар ойыны – ат үстінде шауып ойнайтын ойын. Атқа міну мәдениеті жер жүзінде Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз үстемдікке ие болды. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болу үшін бабаларымыз алғаш рет кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасын ойлап тапқан. Бұл туралы елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айырықша жазылған екен.
Алмат: «Томирис» биін билеп берейік
    «Томирис» биіАлтын адам: 
-Ал, балалар, мен сендермен қоштасатын уақытта келіп қалыпты. Сендерге қарап, болашақ ұрпақтың елімізді, жерімізді қорғайтын жас ұландарды көріп қуанып тұрмын. Осылай алғыр, ел қорғайтын азамат болыңдар. Қош сау болыңдар! 
Алмат: - Зере,  биыл Елордамыз Астана қаласына 20 жыл толды. 
Жүргізуші:Дұрыс айтасың Алмат!Астана қаласы көркейіп күннен күнге дамып келеді.Астана қаласының символы «Бәйтерек».
Зере: - Біздің «Балауса» тобының қыздары Астана қаласының мерей тойына дайындаған сыйы бар екен, бірге тамашалайық.  
                                           «Бәйтерек» биі 
Зере: -   2011 жылы VII  қысқы Азия ойындары өтті. Осы ойындардың символы Барыс.
Зере:Біз Азиада ойындары туралы  не білеміз?
Б: -  Қазақстандағы Азия ойындарына әлемнің 17 ден астам елі қатысты. Жарыстар спорттың 11 түрінен өтті.  
Б: -Осы ойындарда ҚР спортшылары 70 медальға ие болды. 
Алмат: - Сонымен қатар, 2017 жылы біздің елде 28ші қысқы  Универсиада спорт жарыстары болды. Жарыс қорытындысы бойынша ҚР 36 медальға ие болды.
                Жұлдыз боп жан,найзағайдай жарқылда,
                 Құрыш білек өзендермен нар тұлға.
                 Желбіресін қазағымның көгінде,
                  Көк байрағым бақыт сыйлап халқыма
Зере: -Алмат, бізді Тәуелсіздік мерекемізге құттықтап Спортшыларымыз да келіпті. Қанеки қарсы алайық!
Флешмоб спорт. Ән «Жаса Қазақстан!»  (Атрибуты:  ту ҚР) 
Қазақстаным алға
Биіктерге самға
Достығымыз барда
Жүреміз тек алға
Зере:  - Еліміздің ұмытылмас шараларының бірі  Қазақстанның елордасы Астана қаласында  ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі өтті. Көрменің тұмарлары қандай болғанын кім біледі?
Б: -  Сәуле
Б:-  Қуат
Б: - Мөлдір 
Алмат:Ондай болса,EXPO-2017 тұмарларын қарсы алайық
(Қуат, Сәуле, Мөлдірдің киімдері ортаңғы топ) 
Зере: Бүгінгі мерекемізге келген қонақтарға «Туған жерім» әннің тарту етейік.                          Ән: «Туған жерім»
Алмат: - Біздің  елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастуымен 2017 жылдың басынан еліміз тағы бір «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламаны қолға алды.  

«Рухани жаңғыру» — сәт қой ол сауапты,
«Рухани жаңғыру» — үміттің ақ ордасы.
Жат адамдар түттініңді түтетпес,
Алау отты рухы биік жағады.


Бұл жаңғыру-жаңашылдық нышаны,
Бұл жаңғыру-ата-баба арманы.
Өнегелі ниетімен қазақтың,
Өнерімен мойындату жаһанды.

Қазақ елі құрметке мәңгі лайық,
Тез өркендеп әлемді таң қылайық.
Рухани жаңғыруды шын түсініп,
Бәрімізде дәл бүгін жаңғырайық.

Алмат: -Зере, мен  алыстан келе жатқан әдемі қыздарды көрдім
Зере: - Алмат, олар біздің мың бұралған биші ару қыздарымыз ғой,
 Ару қыздарымыздың орындауында «Бипыл» биі
Алмат: - Зере, біздің Тәуелсіз және де көп ұлтты мемлекет екенімізді барлығы біледі. 
Зере: -Ия Алмат, қазірде бізге біраз ұлттар   құттықтауларымен келіп отыр. Алмат:Қанеки қарсы алайық! (өзбек, ұйғыр, орыс, грузин биі)
Зере:Біздің мерекемізге хош келдіңіздер!Сіздердің құрметтеріңізге музыкалық сәлеміміз бар.Қабыл алыңыздар! 
                                        Оркестр «Кенес» күйі 
          Домбырашы мен Қобызшы жеке орындауында

Қорытынды: 
Алмат: - Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. 
Балалар барлығы қатармен шығады.
                                       Ән: «Өз елім»
Хормен:Тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын!
Алмат, Зере: Ту көтерер Батырларымыз көп болсын!!!-Назарларыңызға көп рахмет!!!