Балабақша тәрбиешилерінің жетістіктері
Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп - ол балабақша. Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер - білімге, елінің ар намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге баулиды. Балабақша - келешек, ел басқарар, жер суына иелік етер, ел халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Балабақшамыздың жақсы жетістіктерге жетуі, әрбір тәрбиешінің өз еңбенің нәтижесімен, жаңалығымен біліктілігі мен білімдерінің арқасы деп білеміз. Балабақша топтарында өз жұмысын жақсы білетін, бірінші, екінші санатты мамандар жұмыс жасайды. Балабақшамыздың көптеген жетістіктері бар. Соның бірі, 2017жылы Түркі Әлемі ТА - ТV телеарнасы ұйымдастырған халықаралық "Мен де жұлдыз боламын!" атты телефестивальге Қайса Жәңгір бүлдіршініміз қатысып, Музыка жетекшісі Жолдыбайқызы Мөлдір марапатталды. Тәрбиеші - Шаймерденова Бейсехан Рыспаевна Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күіне орай ұйымдастырылған "Абай оқуларына" қатысып Алғыс хатпен марапатталды. Кәсіподақ төрайымы Байгобекова Жупар Сабыровна Алматы күніне орай ұйымдастырылған іс - шараға белсене қатысқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Балабақшамыздан ұшқан жас түлектеріміз мектепте оқып білім алуда. Тәуелсіз еліміздің бақытты балдырғандарына білім, тәрбие беруде балабақша ұжымы жаста болса біршама жетістіктерге қол жеткізді. Педагогтарымыз үнемі, шығармашылық ізденіс жолында.