Құрметті ата-аналар және балабақша ұжымы! » КГКП "Ясли сад №171" мемлекеттік балабақшасы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№171 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727)3863624
Әдіскер:
+7(727) 3805163
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Құрметті ата-аналар және балабақша ұжымы!
26
қыркүйек
2022

Құрметті ата-аналар және балабақша ұжымы!

Қауіпсіздік мақсатында және ата-аналардың кейбір өтініштері бойынша 2022 жылдың 26 ​​қыркүйегінде balabaqsha.bilimalmaty.kz жүйесінде техникалық жаңарту жұмыстары жоспарланғанын хабарлаймыз.
 
Жүйеге енгізілетін өзгерістер:
1. Ілестіріп жүруші адамдарды қосу мүмкіндігі 5 (беске) дейін өзгертіледі;
2. 16 (он алты) жасқа толмаған балаларды ілестіріп жүруші ретінде қосу мүмкіндігін жойылады;
3. Балабақша қызметкерлерін (Меңгеруші/Тәрбиеші және т.б.) ілестіріп жүруші ретінде қосу мүмкіндігі жойылады;
Өз баласын кезекке қойған және жолдама алған қызметкер (Меңгеруші/Тәрбиеші және т.б.) (бұдан әрі – Негізгі өтініш беруші) өзін ілестіріп жүруші ретінде қоса алады.
4. Ілестіріп жүрушіге 5 (бестен) аса баланы қосу мүмкіндігі жойылады.
 
‼️Жоғарыда көрсетілген өзгерістерге сәйкес, balabaqsha.bilimalmaty.kz жүйесінде 2022 жылдың 27 қазаннан бастап келесі жазбалар автоматты түрде жойылады:
1. Ілестіріп жүруші ретінде қосылған,10 (он) жасқа толмаған балалар жазбалары;
2. Негізгі өтініш беруші болып табылмайтын ілестіріп жүруші қызметкерлер (Меңгеруші/Тәрбиеші және т.б.) жазбалары;
3. 5 (бестен) астам балалары бар ілестіріп жүрушілердің соңғы қосылған балалар жазбалары.