10
желтоқсан
2025
Тамақтану сапасын бақылау
Тамақтану сапасын бақылауБалабақшамызда «Тағам сапасын бақылау күні» өткізілді. "Балбала" кіші тобының ата-анасы Айтбаева Шолпан Карабаевна тамақтану сапасына баға берді 🍲
Іс-шараның мақсаты – балабақшада балаларға ұсынылатын тағамдардың сапасы мен дәмін ата-анаға таныстыру.
Ата-ана ас мәзіріне енгізілген тағамдардан дәм татып, олардың дәмі, сыртқы түрі және сапасы туралы өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, аспазшылардың дайындау ерекшеліктерімен танысып, балабақшадағы тамақтану процесін көзбен көрді.
Іс-шара соңында ата-ана тағам сапасына оң баға беріп, мәзірдің алуан түрлілігі мен тағамның пайдалы әрі дәмді екенін айтып өтті.